Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен Қостанай қаласының білім бөлімі 2026 жылдың 10 сәуір күні Л. Толстой атындағы облыстық ғылыми кітапхананың әдеби қонақжай залында халық жазушысы, драматург, сыншы, аудармашы, қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 125 жыл толуына орай, «Ұлпан образы арқылы жазушы сомдаған ана болмысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының педагогтері мен «АRNAnews» аймақтық саяси қоғамдық газетінің бас редакторы, «Қостанай – Агро» облыстық саяси қоғамдық арграрлық газетінің құрылтайшысы - Иргасимова Жұмагүл Маратқызы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Жұмагүл Маратқызымен Ұлпан анамыздың тұлғалық қасиеті мен ақыл-парасаты, ел басқару ісіндегі кемеңгерлігі мен қатар қазақ аналарының ұлттық болмысы жайында сөз қозғалып, кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ХХІ ғасырдағы әйел азаматшалардың қоғмдағы орны мен рөлі туралы да сөз қозғалып, еліміздің жарқын болашағына аянбай қызмет атқарып жүрген қызметкерлер мысалға келтірілді.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/861-analar-mirdi-tiregi.html#sigFreeIdd58a18780c





