2026 жылғы 18 наурызда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі базасында II облыстық «Бауырсақ Fest 2026» фестивалі өткізілді. Іс - шара аясында қатысушы командалар Наурыз мерекесінің атмосферасын бейнелейтін ұлттық стильде «Арт - стол» безендіріп, түркі халықтарының дәстүрлері мен ұлттық нан түрлеріне арналған байқауға қатысты. Сонымен қатар, қатысушылар үшін қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау және ұлттық ою - өрнек элементтерімен бұйымдар жасау бойынша шеберлік сағаттарының таныстырылымдары ұйымдастырылды.
Фестиваль қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Бас жүлде: Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі
I орын: Рудный технология және сервис колледжі
II орын: Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі
II орын: Қостанай индустриалды - педагогикалық колледжі
III орын: Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі
III орын: Камшат Дөненбаева атындағы кәсіби - техникалық колледж
Фестивальге қатысқан барлық қатысушыларға және команда жетекшілеріне белсенді қатысқандары, жоғары дайындық деңгейі мен шығармашылық көзқарастары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/830-bauyrsa-fest-2026.html#sigFreeId8eb28ca914





