Ағымдағы жылдың 16 наурызында «Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурс білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында өткізіледі. Конкурстың негізгі мақсаты - жас мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және білім беру жүйесіндегі инновациялық қызметті қолдау.
Конкурсқа 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар қалалық және аудандық кезеңдерден сәтті өткен 14 жас педагог қатысты.
Конкурстың негізгі міндеттері:
- дарынды жас педагогтерді анықтау және қолдау;
- мұғалім мамандығының әлеуметтік мәртебесін арттыру;
- озық педагогикалық тәжірибені тарату;
- оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын дамыту;
- жас мамандардың кәсіби өсуі мен өзін - өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.
Конкурс үш турдан тұрды: 1 тур - «Өз - өзіңді таныстыру «Шығармашылық жолдың бастауы», 2 тур - «Заманауи сабақ», 3 тур - «Педагогикалық тәжірибе панорамасы «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы».
Конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, дипломдармен марапатталды. 1 - орын алған қатысушы («Қостанай ауданы білім бөлімінің «Нұржан Наушабаев атындағы мектеп - гимназиясы» КММ, ағылшын тілі мұғалімі Масақбай Аружан Қадырбекқызы) Қостанай облысының намысын байқаудың республикалық кезеңінде қорғайды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/817-zha-a-mektepke-zha-ashyl-staz.html#sigFreeIdeb15213316





