2026 жылғы 11 наурыз күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында облыстық «Ұлы тұлғалар жолы» жобасы аясында «Шайсұлтан Шаяхметовтың ғылыми идеяларынан - ауыл мектебіне: инновация, жаңғырту, білім сапасы» тақырыбында педагогтердің облыстық ғылыми - практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты - ауыл педагогтерінің ғылыми - зерттеу қызметін дамыту, Шайсұлтан Шаяхметовтың ғылыми мұрасын насихаттау және қазіргі білім беру трендтері негізінде ауыл мектебін дамытуға бағытталған озық педагогикалық тәжірибелер мен инновациялық идеяларды тарату.
Конференцияда Шайсұлтан Шаяхметовтың білім беру саласының дамуына қосқан зор үлесі, оның ғылыми идеялары ауыл мектебін жаңғырту, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және білім сапасын көтеру бағытында бүгінгі күні де маңызды ғылыми - әдістемелік негіз болып табылатыны туралы атап өтілді.
Сонымен қатар заманауи педагогикалық технологияларды қолдану, цифрлық құралдарды пайдалану, функционалдық сауаттылықты дамыту, сондай - ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне енгізу мәселелері талқыланды.
Іс - шара педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайтуға және ауыл мектептерінде заманауи білім беру үрдістерін тиімді енгізуге ықпал етіп, «Ұлы тұлғалар жолы» жобасын жүзеге асырудың маңызды бөлігіне айналды, сондай - ақ кәсіби диалогты дамыту мен заманауи білім беру идеяларын тарату алаңы болды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/808-ly-t-l-alar-zholy-auyl-mektepteri-t-zhiribe-almasu-ala-ynda.html#sigFreeId0e93546b73





