Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру үдерісінде заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқыту сапасын жетілдіру мақсатында 2026 жылдың 27 ақпан күні Денисов ауданында облыстық семинар өтті.

Семинар барысында облыс ұстазддары оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың дағдыларын талқылап, «Адал азамат» бағдарламасындағы ұлттық құндылықтарды күнделікті сабаққа кіріктіре білуді меңгеріп, табиғаттың тылсым сырларын да зерделеп, жасанды интелектіні қолданды.