2026 жылдың қаңтар айында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Абай атындағы мектеп-лицейі» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне арнап «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жасанды интеллект: инновация мен құндылықтар» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарда облыс ұстаздары семинар тақырыбына сай қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын меңгеріп, инновациялық әдістерді ұлттық құндылықтармен ұштастыра біліп, кәсіби құзыреттіліктерін арттырды.