27 ақпан 2026 жыл
Рудный қаласы
«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ» облыстық жобасы аясында Міржақып Дулатұлы атындағы екі мектептің тарихи кездесуі өтті.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ және
«Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ «Міржақып Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға ресми түрде қол қойылды.
Бұл — жай ғана құжат емес.
Бұл — тарихи сабақтастық.
Бұл — рухани жауапкершілік.
Бұл — болашаққа бағытталған стратегиялық серіктестік.
Міржақып Дулатұлының туған жерінен топырағы, жусаны, киелі жердің тасы арнайы мектеп мұражайына табыс етілді.
Іс-шара барысында:
Оқушылар авторлық өлеңдерін оқып, ұлт рухын асқақтатты;
«Балалар кітапханасы» жобасы таныстырылды;
«Елі үшін туған ердің мәңгілік мұрасы» көрмесі ұсынылды;
Робототехника жетістіктері көрсетілді;
«Домбыра дастан» нйірмесі ұлттық өнерді дәріптеді;
«Бес асық» ұлттық ойыны ұйымдастырылды;
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық таныстырылымы өтті;
Психологтардың жұмысымен танысып, ашық сабақтар өтті.
«Екі мектеп – бір мұрат» қағидасы аясында алдағы уақытта:
️ Бірлескен ғылыми жобалар
️ Онлайн семинарлар
️ Ортақ патриоттық іс-шаралар т.б. жүзеге асырылатын болады.
Міржақып мұрасы – тек тарих емес.
Ол – әрекет.
Ол – білім.
Ол – еркіндік пен жауапкершілік.
Ұлы тұлғаның аманаты – ұрпақ тәрбиесі.
Ал сол аманатты орындау – біздің қасиетті міндетіміз.
Білім ордамызға келген қонақтарға алғыс білдіреміз!
Ынтымақтастығымыз нығайып, ортақ жобаларымыз жемісті болсын!