27 ақпанда «Pro vector» директорлар форумының III отырысы өтті. Форум «Мектептегі кәсіби бағдар беру» атты өзекті тақырыпқа арналды. Іс-шараға өңір мектептерінің директорлары жиналды: олардың қатарында тәжірибелі басшылар да, жаңа білім мен заманауи тәжірибені меңгеруге ұмтылған жас жетекшілер де болды.
Форум қарқынды өзгерістер жағдайында мектеп директорының даму бағытын талқылайтын алаңға айналды. Қатысушылар «Көшбасшылық мектебі» тағылымдама бағдарламасы аясында алған идеяларын мектеп басқару жүйесіне енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚРУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбаева Э.К. ерте кәсіби бағдар берудің практикалық жүйесін және өзара іс-қимыл құралдарын мазмұнды түрде таныстырды. Өңірдің кадрлық әлеуетін қалыптастырудағы стратегиялық серіктестіктің маңызын KIA ЖШС оқу орталығының басшысы Паникар С.Н. атап өтті. Fessla компаниясының тең құрылтайшысы, ата-аналар қауымдастығының өкілі Киреева Е.В. жеке бизнес тәжірибесіне сүйене отырып, кәсіби бағдар берудегі коучингтік тәсілдің тиімділігін нақты мысалдар арқылы көрсетті. Қостанай қаласындағы НЗМ-нің кәсіби бағдар беру жөніндегі кеңесшісі, Назарбаев Университетінің магистрі Унгутбаева А.С. директорларды кәсіби бағдарға қатысты қалыптасқан мифтерді сыни тұрғыдан ой елегінен өткізуге шақырды.
«Қостанай қаласындағы ПШО» филиалының директоры Онищенко Е.А. «Кәсіби бағдар беру – басқарылатын жүйе ретінде» атты практикум өткізді. Қойылған сұрақтар кәсіби бағдар беру үдерісін басқаруды жаңғырту мүмкіндіктерін көрсетті.
«Көшбасшылық мектебі» тағылымдамасының түлектері алаңдарда өз кейстерімен бөлісіп, директорлармен жұмыс істеудің бұл формасының тиімділігін дәлелдеді. Ұсынылған тақырыптар тек қызығушылық тудырып қана қоймай, басқарушылық әрекеттерді қайта қарауға ынталандырды. Атап айтқанда:
– «Кері байланыс өнері: директор өз мұғалімдеріне қалай тиімді тәлімгер бола алады?» (Мушкудиани Р.И., Тастемиров Д.М.);
– «Сабақ: цифрлық білім беру ресурстарынан жасанды интеллектке дейін» (Байканова А.Ф., Нурбаев Р.К.);
– «Қауіпсіз білім беру ортасын басқару» (Баймурзина С.И., Козбагарова К.С.);
– START-UP «Тиімді оқыту: өмір бойы интеграция тұрғысынан» (Маликова С.Т., Аяндина А.С.);
– «Талант-менеджмент: команда үшін мағыналық GPS» (Леванова Т.А., Бейсенбеков М.Б.).
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/793-iii-pro-vector-direktorlar-forumy-ir-basshylaryn-zhinady.html#sigFreeId029fe88683





