2026 жылғы 19 ақпанда Қостанай қаласының «№18 мектеп - гимназиясы» КММ базасында «Адал азамат» ұлттық коды: дәстүрлі құндылықтардан оқушының заманауи құзыреттіліктеріне» тақырыбында облыстық семинар негізінде алғашқы сынып жетекшілерінің тағылымдамасы ұйымдастырылды. Тағылымдама «Сынып жетекшілер желілік мектебі»облыстық жоба шеңберінде өтті.
Қатысушыларды құттықтау сөзбен қарсы алды:
• Утегенова Гүлнара Маратқызы - Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ директорының орынбасары;
• Досанова Айжан Жұмағұлқызы - «Әдістемелік орталық» КММ тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері;
• Шарипов Арқабай Сабыржанұлы - №18 мектеп - гимназиясының директоры.
Теориялық бөлімде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ирина Юрьевна Тарасенко мен Жанна Серікқызы Байназарова гимназияда «Адал азамат» жүйесін енгізу тәжірибесін таныстырды. Жаңылдық Мохторбековна Қадырбаева тәрбие процесінде жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктеріне тоқталды. Практикалық блокта педагогтер ашық сынып сағаттарын өткізді:
• Г.Б. Бозжігітова - «Өнер - өмір сәні»;
• О.Н. Лазенюк - «Маленький панцирь - большая жизнь»;
• Б.С. Ерменова - Ыбырай Алтынсарин мұрасы;
• С.К. Алқаубаева - желідегі әдеп мәдениеті;
• Д.К. Абдухалимов - патриоттық тәрбие;
• Е.Г. Макушева - кәсіби бағдар.
Семинар аясында «Ұлттық мұра - ұстазға қуат» тимбилдингі (С.К. Жанкеев, Е.Б. Утигенов, А.Н. Сухомлин, Л.М. Фольверт, Д.Ж. Иевлева, Р.Б. Шевченко, Р.А. Ахмадулин), Шолпан Мақсұтқызы Нашкенованың кинотаймы және «Жүрегі адал, арманы асқақ - Жас өрен» концерттік бағдарламасы (Т.М. Бикчентаева, А.К. Мұқатов, С.Б. Құстанова, Н.В. Золотарева, А.А. Лиопа) жоғары қызығушылық тудырды.
Қорытындыда Анастасия Александровна Драбчук «Болашақтың QR - коды: зашифрланған құндылықтар» атты цифрлық рефлексия өткізді.
Семинар облыс педагогтері тарапынан жоғары бағаланып, №18 мектеп - гимназиясының тәжірибесі дәстүр мен заманауи технологияны ұштастыру арқылы адал, құзыретті тұлға тәрбиелеудің тиімді моделін көрсетті.
Тағылымдама сынып жетекшілерінің кәсіби тәжірибе алмасуына, тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастыруына және «Адал азамат» құндылықтарын білім беру үдерісіне тиімді кіріктіруіне нақты мүмкіндік берді. Мұндай формат педагогтердің құзыреттілігін арттырып қана қоймай, оқушыларды жан - жақты дамыған, жауапты әрі адал тұлға ретінде тәрбиелеуге берік негіз қалайды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/773-cynyp-zhetekshilerini-ta-ylymdamasy.html#sigFreeId35da688787





