Ұстаздар қауымын толғандыратын бұл сұраққа бүгін «Өрлеу» БАҰО АҚ (Астана) оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің директоры, бағалау бойынша арнайы сертификаты бар сарапшы Вильданова Сәуле Аифовна жауап беруге көмектесті. Облыстық жоба аясында «Сабақты бақылауға қалай дайындалу және оны сапалы жүзеге асыру керек?» тақырыбында интерактивті сессия өтті.
Іс-шара юарысында директорлар сабақты бақылауға дайындық кезіндегі өз әрекеттерін ой елегінен өткізіп, ұсынылған қысқа мерзімдік жоспардағы өзекті мәселелерді анықтауға және тәжірибені қорытындылауда қалыптасып қалған «тәжірибені жалпылау» мен т. б ұғымдарынан арылды. Сабақтың өтілу барысын мұқият бақылау, кейін өтілетін сабақтардың сапасына байланысты екенін түсінген өте маңызды.
Татьяна Ивановна Набатникова сабақ сапасына кедергі келтіретін ең көп кездесетін кемшіліктерге тоқталды.