Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 13 ақпанда Қостанай қаласы білім бөлімінің «Физика-математикалық лицейі» КММ базасында «Математикалық сауаттылықты дамытудағы тиімді ресурстар» атты облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинарға бастауыш сынып мұғалімдері мен білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Семинар-практикумның мақсаты – инновациялық ресурстар мен тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының математикалық және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені тарату.
Семинар барысында физика-математикалық лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ Қамысты ауданы Алтынсарин жалпы білім беретін мектебінің, Рудный қаласындағы №14 Дм. Карбышев атындағы мектебінің, Бейімбет Майлин ауданы Притобол мектебінің, Жітіқара қаласындағы №10 мектебінің педагогтері ашық сабақтар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық бөлімде «Жаңа буынның цифрлық ресурстары: жасанды интеллект – математикалық сауаттылықты дамыту құралы», «Жобалық-зерттеу қызметі – математикалық логиканы дамыту ресурсы ("Зерде" конкурсына дайындық аясында "Шахмат – логика мен ойлаудың негізі" жобасы)», «Ұлттық-мәдени контент негізінде математикалық сауаттылықты қалыптастыру», «Олимпиадалық деңгейдегі есептерді шығару арқылы математикалық креативтілікті дамыту» тақырыптарында шеберлік-сыныптар ұсынылды.
Қатысушыларға есептер құрастыру, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды іріктеу және саралау тәсілдері, сондай-ақ оқу үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану әдістері көрсетілді. Семинар қорытындысы бойынша бастауыш мектептегі математикалық білім сапасын арттыруға арналған практикалық құралдар ұсынылды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/752-matematikaly-sauattyly-ty-damytuda-y-ti-mdi-resurstar-seminar-praktikumy.html#sigFreeIdb81df4d22b





