Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 12 ақпанында әдістемелік көмек ретінде Науырзым және Әулекөл ауданының бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн форматта вебинар ұйымдастырылды. Вебинарға бастауыш сыныптарының облыстық әдістемелік бірлестік мүшелері мен Әулекөл және Науырзым аудандарының білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері мен әдіскерлері қатысты.

Вебинардың мақсаты - Қостанай облысының бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби өсуінің тұрақты жүйесін құру, инновациялық технологияларды интеграциялау және белсенді желілік өзара әрекеттесу арқылы оқыту сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

Вебинарда Әулекөл және Науырзым ауданының бастауыш сынып мұғалімдері «Оқу сауаттылығын арттыруда тиімді әдіс тәсілдерді қолдану» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушыларға мәтінді түсіну, талдау, салыстыру және ақпаратты өмірде қолдану дағдыларын қалыптастырумен қатар, сыни ойлауды дамыту стратегиялары, мәтінмен жұмыс түрлері, диалогтік оқыту, функционалдық тапсырмалар, сондай-ақ оқу үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану әдістері көрсетілді.

Вебинар қорытындысы бойынша бастауыш мектептегі оқу сауаттылықта білім сапасын арттыруға арналған практикалық құралдар ұсынылды.