ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА: "EXCEL" ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАРДЫҢ ДРАЙВЕРІ РЕТІНДЕ
2026 жылдың 10-26 қаңтар аралығында ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушыларына арналған «Excel» облыстық қашықтық олимпиадасы өткізілді.
Іріктеу кезеңіне облыстың мектептерінен, гимназияларынан, лицейлерінен және колледждерінен барлығы 234 педагог қатысты. Соңғы кезеңге үздік 17 қатысушы шықты. Сараптамалық комиссия педагогтердің өздерінің педагогикалық философиясымен бөліскен және TESOL тиімді оқытудың алты қағидасын ашқан авторлық бейнероликтерін бағалады. Қостанай қаласының Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы Зюбан Вячеслав Владимирович, Қостанай қаласының №3 мектеп-гимназиясы Газизова Алия Булатовна, Рудный қаласының №11 жалпы білім беретін мектебі Омарова Гульжан Турсуновна сияқты педагогтері өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, TESOL алты қағидатын енгізудің тиімділігін ашты. Қорытынды кезеңнің барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қостанай облысы әкімі білім басқармасының Әдістемелік орталығының мақтау қағаздарымен марапатталды.
Олимпиада мұғалімдерге кәсіби дағдыларды, шығармашылық және зияткерлік әлеуетті дамытуға, сондай-ақ ағылшын тілін оқытуда заманауи әдістемелерді енгізуге көмектесті.






