Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бүгін, желтоқсан айының 12 күні ZOOM платформасы арқылы Қостанай қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, гуманитарлық білім және ғылым магистрі, Республикалық, облыстық ақындар сайысы мен жыршы - термешілер байқауларының жеңімпазы - Қасым Нұрсұлтан Мырзабекұлымен «Ақындар - елдің рухани тірегі!» тақырыбында әдеби қонақжай кеш өтті.
Кешті өткізуіміздің мақсаты - тәуелсіздігіміздің баяндығын жырлау, елге рухани шабыт беру, қазақ әдебиетінің бір жанры - айтыс, жыр, терме бағытында кеңінен түсінік беру болатын.
Әдеби қонақжай кеште өнер иесі әдебиеттегі теңеу, метафора, метанимия, сарказм, ирония, гипербола, литота әдістерін Қазтуған жыраудың «Қайранда менің Еділім» әнін орындау арқылы кеңінен талдап, ұстаз мамандығына қатысты сауадарға жауап беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Жыршы - термеші, ақындық қабілетінен басқа Нұрсұлтан Мырзабекұлының әншілік өнері де жоғары.
Алаш қайраткері, ағартушы, ұстаз, Шығыс әдебиетінің білгірі, ші - композиторы, көсемсөз шебері - Қапез Байғабылұлының «Меркі» әні саяси қуғын - сүргінге ұшырап, жазықсыздан - жазықсыз атылып кеткен боздақтардың рухына бағышталды. Жалпы Нұрсұлтанның ән салып, домбыра шертуі - көрерменнің жан - дүниесін табиғи қоңыр дауысымен баурап алады.
Іс - шараға облыстың аудандары мен қалаларынан 200 ге жуық ұстаздар қатысып, Нұрсұлтан Мырзабекұлының әншілік, жыршылық, термешілік өнері мен ақындық қабілеттілігіне тәнті болды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/690-a-yndar-eldi-rukhani-tiregi.html#sigFreeIde79c53353b





