2025 жылдың 4 желтоқсанында Абай атындағы мектепте облыстық "FilmSchoolFest" қысқаметражды фильмдер кинофестивалі өтті. Бұл облыс мектептерінің педагогтері мен оқушылары камера объективі арқылы ең маңызды және өзекті оқиғаларды айтып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алатын бірегей алаңына айналды. Байқауға облыс оқушылары мен педагогтерінің 40 жұмысы қатысып, финалға 15 жұмыс өтті. Байқаудың сараптамалық комиссиясына Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығының қызметкерлері, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ, З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ, және "Qostanai media" ЖШС-нің қызметкерлері шақырылды. Фестивальдің ашылуында Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаев, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Т.И. Набатникова және Федоров ауданы Абай атындағы мектептің  директоры Т.Б. Левит құттықтау сөз сөйледі. Байқаудың сараптамалық комиссиясының айтуынша соңғы кезеңге  қатысу үшін жұмыстарды іріктеп алған, ал жеңімпаздарды ашық онлайн дауыс беру арқылы қатысушылардың өздері анықтаған. Байқауға 5 бағыттағы жұмыстар ұсынылды, фестиваль жеңімпаздары атанды:

- «Ғылыми кино»  жанрында: «Біз шынымен не ішеміз?» - М. Қозыбаев атындағы  №23 ЖББМ Қостанай қаласы;

- «Деректі кино»  жанрында: «Ұлы даланың ұлы» шығармасы - Федоров ауданы Абай атындағы  ЖББМ;

- «Телевизиялық сюжет»  жанрында: «Адам – энергия» жұмысы - Федоров ауданы Абай атындағы  ЖББМ;

- «Әлеуметтік жарнама»  жанрында – «Ұнтақ»  жұмысы - Рудный қ. № 1 ЖББМ;

- «Ойын киносы» жанрында – «Мыржақып Дулатов ұлтты оятқан адам» атты еңбегі - Федоров ауданы Абай атындағы ЖББМ;

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!

«FilmSchoolFest» жыл сайын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, өйткені бұл жай ғана байқау емес, мүмкіндік беретін кинематографтың нағыз мерекесі:

Идеяларды жүзеге асыру - сценарийіңізді және көзқарасыңызды толыққанды қысқаметражды фильмге айналдыру;

Үздіктерден үйрену - мамандардан сараптамалық баға алыңыз;

Пікірлес адамдарды табыңыз - бұл - басқа жас режиссерлермен, операторлармен және жазушылармен тәжірибе алмасу болып табылады.