2025 жылдың қараша айында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырумен Рудный қаласының М. Дулатов атындағы мектебінде Алаш қайраткері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай облыстық ғылыми іс-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның пленарлық отырысына арнайы шақырумен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» КММ-сі кешен басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы, Рудный қалалық құрмет тақтасының иегері, ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ақын, қара сөз қаламгері Тілеуғабылов Жаңбыршы Тұқатұлы, Қазақстан Жазушылар одағы балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің төрағасы, жазушы, алаштанушы, @atacreativehub баспасының бас редакторы Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбай, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, М. Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің оқытушысы Абдрахманова Райхана Казикановна қатысты.
Жалпы конференцияға облыс бойынша 99 жұмыс қабылданып, оның 41-сі әділ қазылар алқасының оң бағасын алып, секциялық жұмыс барысында таныстырылды. Педагогтер Міржақып Дулатұлының өмір жолы, шығармашылығы, ағартушылық қызметі және Алаш қозғалысындағы рөлі жөнінде тың баяндамаларын ұсынды. Сонымен қатар, тұлғаның ұлттық сананы оятудағы еңбегі, «Оян, қазақ!» идеясының тарихи маңызы жан-жақты талқыланды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/681-alashty-ly-ajratkeri-m-dulat-ly.html#sigFreeIda639752d85





