Қостанайда 2025 жылдың 21 қарашасында «Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: өзекті мәселелер және тиімді нәтижелері» Консультациялық пункттердің жұмыс тәжірибесі» тақырыбында Республикалық педагогикалық технологиялар фестивалі өтті.

Фестиваль «Балаларды ерте дамыту институты» РММ - нің 2025 жылға арналған жоспары бойынша өткізілді.

Іс - шара еліміздің түкпір - түкпірінен келген педагогтердің, әдіскерлер мен сарапшылардың басын біріктірді. Фестиваль аясында мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда цифрлық, экологиялық тәрбие және дизайн, билингвизм және тілді дамыту сияқты, сондай - ақ инклюзивті және нейротехнологияларға арналған төрт практикалық алаң жұмыс істеді.

Барлық алаңдарда шеберлік сыныптары, инновациялық әдістемелер, заманауи білім беру шешімдері мен практикалық демонстрациялар ұсынылды.

Пленарлық бөлім «IQOSTANAY» SMART - орталығында өтті, онда ерте дамудың ұлттық тәсілдері, педагогтерді даярлау және мектепке дейінгі білім беруге заманауи технологияларды енгізу талқыланды. Іс - шара қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.

Фестиваль Қазақстанның мектепке дейінгі білім берудегі тиімді тәжірибелерін ілгерілету және тәжірибе алмасу үшін маңызды кәсіби алаңға айналды.