Бүгін, 2025 жылғы 14 қарашада, спорт саласы бойынша ТжКБ педагогтары арасында облыстық кәсіби шеберлік байқауы аяқталды. Конкурсты дайындауды және өткізуді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі" КМҚК "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік орталығы" КММ қолдауымен жүзеге асырды.
Конкурстың мақсаты - ТжКБ ұйымдарының дарынды және шығармашылық дене шынықтыру оқытушыларын анықтау және қолдау және педагогтардың кәсіби өсуіне жәрдемдесу. Байқау WorldSkills стандарты бойынша өткізілді. Байқау қорытындысы CIS платформасын қолдану арқылы анықталды. Байқауға қатысушылар төрт модуль бойынша бақ сынасты:
Модуль1. "Сабақтағы менің ерекшелігім" медиа визит картасы.
Модуль 2. "Дене шынықтыру" пәні бойынша оқу сабағының жоспарын әзірлеу және сабақтың негізгі кезеңін көрсету.
Модуль 3. Қозғалыс әрекетін орындау техникасын әзірлеу және көрсету. Модуль 4. Жекелеген спорт түрі бойынша спорттық жарысты өткізу кезінде спорт түрі қағидаларының орындалуын бақылау.
Байқаудың барлық кезеңдерінің нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:
I орын - Төлегенова Наталья Александровна - "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК.
ІІ орын – Шишкин Владимир Викторович - "Қостанай политехникалық жоғары колледжі" КМҚК.
ІІІ орын - Гилязов Вадим Вахитович - "Қамшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжі" КМҚК.
Бижанова Жанна Сағындыққызы - "Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжі" КМҚК кәсіпқойлығы мен шеберлігі үшін медальонмен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жеңістер сізді шыңдарды бағындыруға және жаңа мақсаттарға жетуге шабыттандырсын!





