«KIA Qazaqstan» ЖШС-нің бас директоры Ким Де Ки табысты ынтымақтастық үшін алғыс білдіру және колледждің материалдық-техникалық базасын одан әрі дамыту мақсатында Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжіне екі оқу автомобиль стендін табыстады.
Жаңа жабдық «Автомобиль жасау» мамандығы бойынша білім алушылардың тәжірибелік даярлығын жетілдіру үшін оқу процесінде пайдаланылатын болады. Бұл өз кезегінде білім сапасын арттырып, студенттерді заманауи техникалық ресурстармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Колледж KIA Qazaqstan компаниясына көрсеткен қолдауы мен білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді!
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/669-kia-qazaqstan-tekhnikaly-bilim-berudi-damytu-a-os-an-lesi.html#sigFreeId26e4d7b60e





