2025 жылдың 4 қарашасында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Арқалық қаласында «Келешек» мектептері педагогтеріне арналған үлгілік оқу ағарту бағдарламасына сәйкес құрал-жабдықтармен жұмыс істеу бойынша республикалық семинар өтті.

Мақсаты: физика пәні мұғалімдерінің үлгілік оқу бағдарламасына сйкес зертханалық, тәжиребелік және практикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру, STEM және жасанды интеллект элементтерін оқу процесіне кіріктірудің заманауи тәсілдерімен таныстыру. Семинар барысы мен негізгі мазмұны. Семинар барысында қатысушыларға төмендегі бағыттар бойынша әдістемелік және практикалық ақпараттар ұсынылды:

Физика пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы мазмұны. Баяндамашы: Шуиншина Ш.М., Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА. Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы, зертханалық тәжірибелік және практикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылса

STEM – адаптация және материалдық –техникалық жарақтандыру тақырыбында баяндамашы: Салимов А.Б., Республикалық физика-математика мектебі (Астана қ.) «Келешек» мектептерінде зертханалық құрал-жабдықтар мен STEM – комплектілерді тиімді пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

ҚР БҒМ-нің №70 бұйрығына сәйкес физика кабинеттерін жабдықтау нормалары талқыланды онымен жасанды интеллект элементтерін оқу процесіне интеграциялау. Баяндамашы: Жақан Ә., РФММ Астана қ. Физика сабақтарында жасанды интеллект элементтерін қолданудың практикалық мысалдары көрсетілді:деректерді талдау,модель құру,визуализациялау жасау,  практикалық бөлім: Data Harvest датчиктермен жұмыс принциптері мен қолдану жолдары көрсетілді. Зертханалық және практикалық жұмыстардың нақты мысалдары орындалды.

Физикалық зертхананы ұйымдастыру әдістемесі және мұғалімдердің тәжірибесі. Келешек мектептері мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп сауалнама өткізілді. Семинар соңында қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстарын жинау мақсатында онлайн сауалнама жүргізілді.