МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР БОЙЫНША КЕЙС-ЧЕМПИОНАТ
2025 жылғы 29–31 қазан аралығында Қостанай политехникалық жоғары колледжі базасында техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен педагогтері арасында машина жасау саласындағы өнеркәсіптік технологиялар мен инновациялар бойынша кейс-чемпионаттың тәжірибелік кезеңі өтті.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен бұл іс-шара талантты студенттерді, педагогтерді және өңірдің машина жасау кәсіпорындарының өкілдерін біріктіріп, «Allur» компаниясымен бірлесе ұйымдастырылды.
Байқауға «КИНЭУ Кәсіпкерлік колледжі», Лисаков техникалық колледжі, Қарағанды машина жасау колледжі және А. Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінің командалары қатысты.
Қатысушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, үш күн бойы өздерінің «Жобалау және 3D модельдеу» және «Прототиптеу» бағыттарындағы кәсіби дағдыларын көрсетті. Практикалық жұмыстар колледждің зертханалары мен оқу шеберханаларында өткізілді.
Кейс-чемпионаттың финалдық кезеңі «Allur University» базасында өтті. Қатысушылар өз жобаларын таныстырып, нәтижелерін қорғады. Қорғаудан кейін студенттер мен педагогтер «Allur» зауытына экскурсия жасап, заманауи өндіріс процесін өз көзімен көрді. Іс-шара чемпионатты жабу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталды.
Кейс-чемпионат жеңімпаздары:
1 орын – Қарағанды машина жасау колледжі
Жетекшісі – өндірістік оқыту шебері Фольц Михаил Александрович
Қатысушы – 2 курс студенті Кошлев Александр
2 орын – Лисаков техникалық колледжі
Жетекшісі – арнайы пәндер оқытушысы Климов Антон Сергеевич
Қатысушы – 2 курс студенті Моисеенко Роман
3 орын – А. Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі
Жетекшісі – арнайы пәндер оқытушысы Жексембеков Ерлан Тлеукенович
Қатысушы – 3 курс студенті Галов Максим
Кейс-чемпионат инженерлік ойлау мен кәсіби дағдыларды дамытуға, сондай-ақ колледждер мен өңір кәсіпорындарының арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған тиімді алаңға айналды.





