2025 жылдың 30 қазан күні Қостанай қаласы білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері арасында «Жаңашыл мұғалім - 2025» облыстық  байқауы өтті.

Байқауға облысымыздың аудандары мен қалаларынан барлығы 17 педагог қатысып, өз білімдерін сынады.

Қазылар алқасының шешіміне сай:

Бас жүлдені - «Жанкелді ауданы  білім бөлімінің Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогі - Жақсылық Сәнімгүл Сәкенқызы;

1 орынды - «Қостанай қаласы білім бөлімінің С. Мәуленов атындағы гимназиясы» КММ педагогі - Қайырбекова Меруерт Кәдірханқызы;

2 орынды - Амангелді ауданы білім бөлімінің Н. Мейірманов  атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогі - Қойшан Гүлім Берікқызы;

3 орынды - «Меңдіқара ауданы  білім бөлімінің Михайлов жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогі - Баянбекова Орнтай Сергеевна жеңіп алып, арнайы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.