22 қазан күні Қостанай облысы колледждерінің жалпы білім беретін пәндер оқытушылары облыстық интерактивті кейс-семинар аясында оқу үдерісін құзыреттілікке бағыттауға мүмкіндік беретін практикалық тәсілдерді ұсынды.

Семинардың бастамасын геоэкология негіздері арқылы студенттердің сыни ойлауын қалыптастыру жолдарын көрсеткен Суфиярова Л.В. ашты. Тақырыпты тиімді жалғастырған Щербакова И.А. болашақ мамандар үшін маңызды жұмсақ дағдыларды (soft skills) дамыту әдістерін ұсынды. Тиыштыкбаева Г.М. таныстырған Scaffold құралы пән мазмұнын сквозной құзыреттермен байланыстырудың жарқын үлгісі болды. Ал Кудиярбекова А.М. мен Ткаченко Т.Е. әлеуметтік-гуманитарлық мәтіндер арқылы студенттердің функционалдық сауаттылығын дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың қорытынды бөлімінде Сыздыкова Б.С. мен Какишева Н.Т. цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологиялары студенттердің цифрлық құзыреттерін қалыптастыруда жаңа мүмкіндіктер ашатынын көрсетті.

Барлық ұсынылған кейстерді біріктіретін ортақ идея — әр пәнді студенттердің әмбебап құзыреттерін дамыту алаңына айналдыру. Семинардың шығармашылық рефлексиясын Кравченко Т.Н. жүргізіп, қатысушылар «Қазіргі заманғы маманның құзыреттер ағашы» атты символдық жобада өз идеяларын біріктірді.

Семинарда ұсынылған тәжірибені облыс педагогтері өз іс-тәжірибесіне енгізіп, студенттердің оқу үдерісін заманауи, мазмұнды әрі нәтижелі ете алады.

Іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткен «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесінің әкімшілігіне алғыс білдіреміз.