2025 жылғы 20 қазанда Қостанай ауданының «Балбөбек «бөбекжай - балабақшасы» КМҚК базасында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Дайындық жеке кездесуден бұрын басталды. Қатысушылар алдын ала электронды портфолио ұсынды:
- жалпы мәліметтер (еңбек өтілі, білімі, соңғы үш жылдағы біліктілігін арттыру санаты, марапаттары);
- үш жылдағы педагогикалық қызмет мониторингі;
- ғылыми - педагогикалық белсенділік: авторлық бағдарламалар мен ОӘК, семинарларға, байқауларға, фестивальдерге қатысу, әлеуметтік желілердегі сілтемелермен веб - ресурстардағы кеңестері мен жариялымдары.
Жеке детбес түрде қорғау кезеңінде әрқайсысы ағымдағы оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс жоспарын ұсынды. Қазылар алқасы мәлімделген мақсаттарды балабақшаның нақты қажеттіліктерімен және педагогтердің жетістіктерінің динамикасын құжат жүзінде ғана емес іс жүзіндегі сәйкестігіне көңіл бөлді. Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарының әрбір үш жылдық мониторингін қорғау нәтижелері тәлімгерлік жүйесіне және ойластырылған цифрлық экожүйеге сүйенді. Қазылар алқасының мүшелері қазіргі заманауи балабақшадағы әдістемелік жұмыс формальдылық емес, сонымен қатар білім беру процесін іштен өзгертуге қабілетті жанды динамикалық жүйе екенін атап өтті.
Байқаудың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерінің үздік тәжірибесін анықтау, қолдау және насихаттау, олардың кәсіби шеберлігін арттыру және инновациялық тәжірибелерді тарату. Байқаудың міндеттері әдіскерлердің кәсіби өсуін ынталандыруға, әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін енгізуге, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын сапалы іске асыруды қамтамасыз етуге, педагогтерді әдістемелік сүйемелдеуді дамытуға, педагогикалық қоғамдастықтың негізгі тұлғасы ретінде әдіскер мәртебесін нығайтуға және ата - аналарды мектепке дейінгі ұйымдардың өміріне тартуға бағытталған.
Сарапшылар мақсаттар мен міндеттерді қызметтің нақты мазмұнымен салыстыра отырып, ұсынылған әдістемелік жұмыс жоспарларын бағалады. Қолданылатын әдістердің жас ерекшеліктеріне, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік әзірлемелердің болуына, АКТ ресурстарын пайдалануға, соңғы үш жылдағы педагогтардың нәтижелеріне, сондай - ақ интроспекция сапасына назар аударылды. Қазылар алқасы басшылыққа алған негізгі қағидалары – «талдау → мақсат → әрекет → өлшенетін нәтиже» болды.
Байқау қорытындысы бойынша Рудный қаласының №10 бөбекжай әдіскері Унгарова Асия Канаткалиевна Гран - при жүлдесін иеленді. Бірінші орын
Лисаков қаласының «Ивушка» бөбекжай - балабақшасының әдіскері Тарасова Наталья Владимировнаға берілді. Сонымен қатар Қостанай ауданы «Сәулетай» бөбекжай - балабақшасының әдіскері Корнилова Ирина Евгеньевна екінші орынды иеленді. Үшінші орын - Қостанай қаласының № 44 бөбекжай - балабақшасының әдіскері Королева Анжелика Андреевнаға берілді. Әулиекөл ауданы «Балапан» бөбекжайының әдіскері Куанышбаева Гульнара Суйнбековна «Жаңашыл әдіскер» арнайы номинациясымен марапатталды. Ұзынкөл ауданы «Айгөлек» бөбекжайының әдіскері Ермагамбетова Диана Нурлановна «Креативті әдіскер» номинациясының жеңімпазы атанды.
Байқауға қатысушылардың жұмыстары жүйелілігімен, талдау тереңдігімен және практикалық бағыттылығымен ерекшеленді. Мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері білім беру процесінде қолданылатын әдістемелік жұмыстарын ұсынды: авторлық бағдарламалар, кейстер, әдістемелік конструкторлар және чек - парақтарға толы болды. Қазылар алқасы педагогтермен өзара іс - қимылдың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған әдістемелік қызметті цифрландыруға, сондай - ақ ұжымдардағы кәсіби коммуникация және өзара көмек мәдениетіне ерекше назар аударды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қостанай облысының атынан Рудный қаласының №10 бөбекжай - балабақшасының әдіскері «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» атты республикалық кезеңіне жолдама алды .
Барлық қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелеріне ісшарада көрсеткен жоғары кәсібилігі мен адалдығы үшін алғыс айтамыз - сіздің еңбегіңіз мектепке дейінгі білім беруді идеяларға бай етеді, ал балалардың балалық шақтары - жарқын және мол мүмкіндіктерге толы болады.





