Қазақстан Республикасы күні мерекесі, халқымыздың тәуелсіздігін, келісімі мен бірлігін бейнелейтін мереке қарсаңында «Алғашқы әскери және технологиялық даярлықтың үздік педагог-ұйымдастырушысы» тақырыбында облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - тиімді педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеу әдістемелерін анықтау, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде АӘТД ұйымдастырушы педагогтердің педагогикалық тәжірибесін анықтау.
Байқаудың бірінші тапсырмасы «Мен елдің отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеймін» атты өзін-өзі таныстырудан бастады, онда әрбір қатысушылар өзі туралы, мамандық жолы және АӘТД педагог-ұйымдастырушысының миссиясын қалай көретіні туралы айтты. Байқаудың келесі кезеңінде педагогтер патриоттық тәрбие бойынша жұмыс жүйесі: іс-шараларды өткізу әдістемесі, тәжірибесі және жетістіктерін ұсынды. Соңғы кезеңде қатысушылар өздерінің практикалық жұмыстары: саптық және атыс дайындығы, сондай-ақ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Қазылар алқасы орындарды келесі түрде бөлді:
3 орын - Мишура Сергей Иванович, Ұзынкөл ауданының Ершов жалпы білім беретін мектебі;
2 орын - Ермагамбетов Марат Тургалиевич, . Лисаков қаласының мектеп-гимназиясы;
1 орын - Егоркин Сергей Викторович, К.Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжі.
Лайықты жеңіспен құттықтаймыз!
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/648-k-sibi-sheberlik-pedagogikaly-t-zhiribe-zh-ne-otans-jgish-rpa-ty-t-rbieleuge-ba-yttal-an-mereke.html#sigFreeIdbda6af804d





