2025 жылдың 16, 17 қазан күндері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің М. Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында әдістемелік орталықтың қолдауымен QC READ жобасы аясында «Міржақып оқулары» республикалық байқауы өтті.
Байқауға Астана, Шымкент қалаларынан және Қостанай облысының аудандарынан екі жүздің сыртында оқушылар қатысты.
Іс-шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы, ардагер ұстаз, журналист, этнограф, Ахметтанушы, Ахмет Байтұрсынұлының туысы - Ибраһим Ағытайұлы, QC Holding құрылыс компаниясының басшысы - Кульчиков Нұралхан Әмірханұлы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ақын, қаламгер - Тілеуғабылов Жаңбыршы Тұқатұлы, Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы - Темурхан Бекбергенұлы мен тағы да басқа тұлғалар қатысты!
Әділ қазылар алқасы мүшелері - айтыскер ақын Өтелбаева Салтанат Амантайқызы, Ихсан Данияр Маратұлы және тілші Назира Жәрімбетова қатысушылардың жұмыстарын тексеріп, бағасын берді!
Байқау қорытындысы бойынша 9 қатысушы мен 5 жетекші мараппатталды.
Жүлделі орындар:
І орын Бұхарбай Айару - Жангелдин ауданының «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі»,
ІІ орын Серік Даниал Қанатұлы - «Шымкент қаласының - №147 жалпы білім беретін мектебі»,
ІІІ орын Болат Айдан а Галихановна – «Арқалық қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі»,
ІІІ орын Серикбай Маржан Ерболқызы - Рудный қаласының «Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі»,
ІІІ орын Нұрданбек Мерей - Астана қаласының «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы».
Номинациялар:
«Тіл тазалығын сақтаған үздік оқушы» - Каланбекова Айдана - Рудный қаласының «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
«Үздік эссе авторы» - Болатбекқызы Асыл – Амангелді ауданының «Ақан Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
«Мазмұнды ойымен ерекшеленген оқушы» - Муканова Анеля - Әулиекөл ауданының Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі» КММ;
«Көркем әдеби стиль шебері» - Утебаев Азамат – «Астана қаласының Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп гимназиясы» КММ;
«Міржақып оқулары» республикалық байқауының жеңімпаздары :
- 1 орын игері IPhone 16 PRO;
- 2, 3 орын иегерлеріне - ноутбук жабдықтары табысталса,
номинация жүлдегерлері ақшалай сыйлықтарға ие болды!
Байқаудың бас демеушісі және ұйымдастырушылары - QC HOLDING құрылыс компаниясы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік орталығы және «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Игілікті іс-шара алдағы жылдары да өз жалғасын табады.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/642-zh-jrikten-zh-jrik-ozar-zharys-anda.html#sigFreeIdc472fdee68





