Ағымдағы жылдың 17 қазанында «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ахметқазы Шотаев атындағы мектеп – гимназиясы» КММ-де қазақ, орыс және ағылшын тілдері мұғалімдеріне арналған «Көп тілді білім беру жағдайында филологиялық цикл пәндерін оқытудың заманауи тәсілдері» атты облыстық семинары өтті.
Білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ-нің аға әдіскері Б.Т. Куйшибаева өз сөзінде еліміздегі көп тілді білім берудің маңыздылығын атап өтті. Семинар тақырыбы бойынша 6 сабақ, 9 шеберлік сыныбы, «Педагогтің эмоционалды интеллектісін дамыту» психологиялық тренингі ұсынылды, онда қатысушылар шығармашылық жұмысқа белсене қатысты. Барлық сабақтар мен шеберлік сыныптары заманауи талаптарға сай өткізілді, бұл өз кезегінде мұғалімнен оны өткізуге тиянақты және мұқият дайындықты талап ететіні белгілі. Шеберлік сабақтарын өткізе отырып, мұғалімдер қатысушыларды сабақ өткізу барысында оларды белсенді етуге, тіпті өздеріне жасырын болған беймәлім нәрсені оятуға, өзін-өзі дамытуға не кедергі болатынын түсінуге және оны алдын алуға тырысты. Шеберлік сыныптарын өткізу кезінде барлық қатысушылар өздерін шығармашыл тұлға ретінде көрсетті. Мектеп оқушылары үш тілде Татьянаның Евгений Онегинге хаты атты шығармасын шағын көрніс ретінде қызықты тартымды түрде ұсынды. (А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романы).
Қызыққа толы шығармашылығы жоғары дәрежедегі семинар болды! Барлығы анық, түсінікті, кейінгі жас мұғалімдерге үлгі боларлық іс-шара өтті. Әріптестер білім алушыларды қалай қызықтыруға, ойлауға үйретуге болатынын және көп тілді білім берудің маңыздылығын көрсете білді.