Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың қазан айында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл кемеңгері, аудармашы, композитор А. Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай - Қостанай облысының білім кеңістігінде іс-шаралар өткізілді.
Айтулы тұлғаның мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шараларға Қостанай облысының білім беру ұйымдарынан (оқушылар, педагогтар, жергілікті тұрғындар зиялы қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) 30 мыңның астам адам қатысып, ұлы ақынның шығармалары кеңінен насихатталды.
Атап айтар болсақ, Ұлы ақынның өлеңдеріне, қара сөздеріне, аудармалары мен поэмаларна арналған челлендждер, сурет, кітап көрмелері, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, әдеби сазды шығармашылық кештер мен т.б. іс-шаралар.
Ұлы тұлғаға арналған іс-шаралардың ішіндегі ауқымдысы Қостанай ауданының Заречный ауылдық округіне қарасты Абай ауылында өткен бәйге болды. Мереке дүбірлі ат спорты бәйгесімен ашылып, аудан бойынша ауылдардан келген шабандоздар сайысқа түсті.
Ат жарысынан соң мерекелік шара Абай ауылының орталығына көшіп, қонақтар «Алтын дән» қоғамдық орталығының өнерпаздары дайындаған мерекелік концертті тамашалады.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында асық ату, бес асық, волейбол, гір тасын көтеру, арқан тартыс сынды спорттық жарыстар өткізілді.
Тұрғылықты халық аспан астындағы кітап көрмесін тамашалап, қазақ халқының ұлттық дастарханынан дәм татты, ауданның беделді тұрғындарына кәдесыйлар ұсынылды.
Аталмыш мереке А. Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «АМАНАТ» партиясы Қостанай аудандық филиалы, Заречный ауылдық округі әкімдігінің және Заречный бастауыш партия ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/639-ly-a-ynny-shy-armalary-khal-ymyzdy-ba-a-zhetpes-rukhani-azynasy.html#sigFreeId334f5f40a8





