17 қыркүйекте өсіп келе жатқан ұрпақтың адалдық, еңбекқорлық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған бірегей тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруға арналған маңызды брифинг өтті.
«Адал азамат» – бұл отбасы, мектеп пен қоғамды біріктіретін құндылықтар туралы.
Бұл – саналы, жауапты және рухани бай азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.
Брифинг барысында өз ойларымен және тәжірибелерімен бөліскен қонақтар:
Ерлан Калмаков – ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Анар Танирбергенова – Ы. Алтынсарин атындағы ҰАО
Кездесудің басты ойы: тәрбие – отбасы мен мектеп арасындағы сенім мен бірліксіз, ұлттық дәстүр мен мәдениетке құрметсіз мүмкін емес.
«Адал азамат» бағдарламасы – жай ғана тәрбие үлгісі емес.
Бұл – ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен мәдениетті құрметтейтін саналы, рухани бай ұрпақты қалыптастырудың жаңа кезеңі.






