Бүгін, 8 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты халыққа жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Президенттік Жолдау-жылдың басты саяси оқиғаларының бірі: онда Мемлекет басшысы елдің даму басымдықтарын белгілейді, қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерге міндеттер қойды. Жалпы, Президенттің жыл сайынғы Жолдауларының арқасында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған көптеген жүйелі қадамдар жасалды. Мұның бәрі, әрине, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға маңызды үлес қосады. Ұлттың саяси және қоғамдық өмірін, менталитеті мен мәдени кодын жаңарту басталды. Бір сөзбен айтқанда, әділ Қазақстанның құрылысы жүріп жатыр және ең бастысы, мұның бәрі халықтың тілектеріне толық сәйкес келеді. Жолдау-2025 тұрақтылық пен әлеуметтік басымдықтарға бағдарлана отырып, теңгерімді даму бағытының жалғасы болды. Президент білім беру саясаты мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысты ұсынған негізгі идеялар:
- отансүйгіштік туралы жаңа түсінік-бұл өткенге қарау емес, жасампаздық, жаңашылдық, ғылыми жаңалықтар мен дамуы болып табылады. Отанды сүю-оған пайда әкелу;
- прогрестің негізгі факторлары-бұл азаматтардың білімі мен таланты ғана емес, сонымен қатар әділ заңдар, құзыретті билік және белсенді қоғам;
- Қазақстанды табысты цифрлық жаңғырту және өзгермелі еңбек нарығына бейімделу үшін адами капиталды дамыту қажет;
- әсіресе жасанды интеллект саласында білімге ерекше көңіл бөлінеді. Жасанды интеллект саласындағы мамандарға сұраныс артып келеді, сондықтан кадрлар даярлау, тек мұғалімдерді ғана емес, сонымен қатар жақын арада мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері бойынша бағдарламалар мен оқу материалдары әзірленетін болады.
Президент елдің болашағы өскелең ұрпақтың білімі мен талантына байланысты екенін, ол жастарды прогрестің қозғаушы күші деп санайтынын, оның күшіне, таланты мен біліміне сенетінін атап көрсетеді. Біз өз кезегінде Президенттің бастамалары мен оларды жергілікті жерлерде жүзеге асыруды қодаймыз.