Рудный қаласының Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы «Үздіксіз білім берудегі педагог» облыстық жобасына қатысушыларды- болашақ педагогтерді жинады.

90-ға жуық оқушы мен педагог питч-сессияға, «Болашақ мұғалім-кейс-навигация» кураторлық тәжірибесін ұсыну бойынша плакаттарды қорғауға, «TED», «Арт-болашақ», «Оқуға құштар мектеп» және т. б. тректерге қатысты.

Слет қатысушылары тапсырмаларды орындау кезінде шығармашылық, шешендік, әртістік, педагогикалық білімдерін көрсетті.

Жоба кураторлары болашақ педагогтермен жұмыс бойынша тәжірибе, идеялармен алмасты.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті!