Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Бөбек» Аманқарағай бөбекжайы» КМҚК базасында «Балабақша меңгерушісінің бастамалары»-2025 облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдар меңгерушілерінің үздік басқару тәжірибелерін анықтау, қолдау және тарату, қазіргі заманғы басшының кәсіби имиджін қалыптастыру, сондай-ақ балабақшаларды басқарудағы бастамалар мен креативті тәсілдерді көрсету болды.
Байқауға Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері қатысты. Бірінші турдың нәтижелері бойынша екінші кезеңде Амангелді, Қостанай, Жітіқара ауданының және Қостанай, Рудный қалаларының бес өңірінің меңгерушілері өз шеберліктерін көрсетті.
Байқау тапсырмаларын бағалауды құзыретті қазылар алқасы жүргізді, оның құрамына әдістемелік қызмет мамандары мен өңірдің ғылыми қоғамдастығының өкілдері кірді.
Бас жүлдені Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 12 балабақшасы» КМҚК меңгерушісі Ишбулатова Людмила Васильевна, 1 орынды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің «Алтын бесік» бөбекжайы» КМҚК меңгерушісі Шалгымбекова Жанара Рустемовна, 2 орынды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжайы» КМҚК меңгерушісі Рысмухамбетова Бақыт Алдарьевна, 3 орынды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 61 балабақшасы» КМҚК Искакова Гульжан Сагиевна және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің «Жупар» бөбекжайы» КМҚК меңгерушісі Орымбаева Айгерім Ериковна иеленді.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен, грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.
Байқау кәсіби ортадағы маңызды оқиға, мектепке дейінгі білім беру саласындағы басқару бастамаларын одан әрі дамыту үшін тәжірибе алмасу және шабыт алаңы болды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/576-balaba-sha-me-gerushisini-bastamalary-2025-oblysty-baj-auy.html#sigFreeId0ba4b386fa





