Әдістемелік орталық «Біртұтас тәрбие» құндылыққа бағытталған тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында үздік әдістемелік тәжірибелерді жүйелеу және тарату мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының әдістемелік қоржынына» атты онлайн - челлендж өткізуді бастамалады.
Іс - шараның мақсаты - тәрбие бағдарламасын тиімді іске асыруға, әдіскерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби диалогты дамытуға ықпал ететін бірыңғай ақпараттық - әдістемелік кеңістік құру.
Челленджге облыстың білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан инновациялық әзірлемелерді, авторлық әдістемелерді, бірегей жобалар мен табысты жұмыс түрлерін ұсынған аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Әрбір қатысушының сөзі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асырудағы жеке көзқарасты көрсетіп, өңірдің өз ерекшелігін - басқа өңірлердегі әріптестер үшін пайдалы әрі шабыттандыратын тұстарын бейнеледі. Челлендж материалдары «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының әдістемелік қоржынына енеді және Бағдарламаны әдістемелік сүйемелдеу сапасын арттыруға ықпал етеді.
Челлендж Қостанай облысының білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған кәсіби белсенділік пен ұмтылыстың жарқын үлгісіне айналды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/572-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy-distemelik-orzhynyna.html#sigFreeId1f22793952





