2025 жылдың 15 мамыры күні Жітіқара қаласындағы № 12 жалпы білім беретін мектебінде «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытудың экожүйесі: сұрақтан әрекетке дейін» атты облыстық тәжірибелік нетворкинг іс-шарасына директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, орта білім беру мұғалімдері және ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін 40-қа жуық педагог – мамандар жиналды.

Мектеп мұғалімдері мектеп экожүйесінің бір бөлігі ретінде қолайлы білім беру ортасын құру тәсілдерін қолданудағы озық тәжірибелерімен бөлісу мүмкіндігіне ие болды.

Шығармашылық бастама, білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру мәселелері: «Қоршаған ортаны басқару – дамуды басқару», «Экожүйелік тәжірибелер зертханасы», «Экожүйе сабақтарының панорамасы», «Шекарасыз мүмкіндіктер: EQ және инклюзивті білім беру», сондай-ақ «Мектеп - экожүйе қарым-қатынасы іспеттес», «Мектептер денсаулықты нығайтады» тақырыбы TED-Х алаңдарының жұмысында көрініс тапты.

Шығармашылық педагогикалық алаңдар мектеп экожүйесінде функционалдық сауаттылықты дамытуда кәсіби қарым-қатынас пен болашақты жобалаудың диалогтық кеңістігіне айналды.

Шара соңында «Ашық микрафон» ұйымдастырылды. Нетворкинг

қатысушылары сұхбаттасу алаңының ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылу жұмысын жоғары бағалады.