Ыбырай Алтынсарин педагог, этнограф, ақын, аудармашы ретінде танымал тұлға, біздің және оның есімі берілген мектептерінің мақтанышы. Оның мұрасы бүгінде жаңа білім алуға, жаңа идеялар табуға, өз елінің және халқының тарихын, мәдениетін зерделеуге мүмкіндік береді. Есімі әрқашан ағартушылықтың, білімнің және өз халқына қызмет етудің символы болып қала береді.
14 мамыр күні Амангелді ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ыбырай мұрасы - ұлттық құндылық негізі» облыстық фестивалі ұйымдастырылды.
Фестивальге Амангелді ауылының барлық тұрғындары қатысты: ақсақалдар, балалар, жастар, білім беру ұйымдары. Мектеп өзінің жұмыс жүйесін көрсетті, онда ұлы ағартушының аты мен қызметі ерекше орын алады. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының барлық бағыттары, ата - аналардың, педагогтердің, балалардың белсенді ұстанымы ұсынылды. Іс - шара Иырай Алтынсарин атындағы мектептердің меморандумы шеңберінде өткізілді, директорлар мен педагогтерге шығармашылық зертханалар (аталар мен әжелер мектептері, ұлттық қолөнер және өнер шеберханалары, сынып сағаттары, флешбук, дебат турнирі, спорттық жарыстар, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп мұражайына бару, мектеп қонақтары мен түлектері ағаш отырғызу, концерттік бағдарлама, қойылым, Алтынсарин мектептерінің әнұранының тұсаукесері және т.б.).
Фестиваль жоғары деңгейде өтті және Иырай мұрасы арқылы ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, саналы, білімді ұрпақты тәрбиелеуде "МЕКТЕП - АТА - АНАЛАР - ОҚУШЫЛАР" триадасының жұмысы қаншалықты тиімді құрылғанын көрсетті.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/566-ybyraj-m-rasy-ltty-ndyly-negizi.html#sigFreeIdbe54269f96





