2025 жылдың 14 мамыры күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінде тірек мектерімен оларға бекітілген мектептер үшін «Сабақта ЖИ қолдану тәжірибесі» тақырыбында іс - шара өтті.
Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ Қостанай политехникалық жоғары колледжімен бірлесе отырып, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» ауқымды республикалық жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырды.
Шараға облыстың барлық аудандарындағы тірек мектептерімен оларға бекітілген мектептерден 70-ке жуық мұғалімдер қатысты.
Жұмыс колледждің мамандандырылған үш аудиториясында жүргізіліп, қатысушылардың кәсіби қызығушылықтарына сәйкес таңдау үшін әртүрлі практикалық тректер ұсынылды.
Бұл бағыттың өзектілігін «Әдістемелік орталық» КММ директорының орынбасары Т. И. Набатникова атап өтті.
Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары И.С. Храмей жасанды интеллектті білім беру қызметіне кіріктірудің мүмкіндіктері, болашағы және практикалық тәжірибеде қолданылуын таныстырды.
Іс-шараның практикалық бөлігі «Мұғалімдерге арналған нейрондық желілер: жаңа мүмкіндіктерге жол» тақырыбындағы қарқынды сессиялар форматында құрылды. Жұмыс аясында қатысушылар білім берудегі ЖИ қолданудың заманауи бағыттарымен танысты, соның ішінде:
- цифрлық білім берудің мазмұнын құру;
- көрнекі және дыбыстық материалдарды генерациялау;
- оқу іс-әрекетінде зерделі ассистентерді пайдалану.
Практикалық сабақтарды колледж оқытушылары мен IT мамандары: Давыдов А.В., Ососкова А.В., Тулегенов Е. Н., Задорожнюк В.В., Кенешов Д.Д., Сагумбаев М.К жүргізді. Шеберлік сабақтары практикалық сипатта болды және қатысушылар тек теориялық білім алып қана қоймай, сонымен қатар тиісті цифрлық құралдарды тәжірибеде қолдануына мүмкіндік берді.
Бағдарлама «Ашық микрофон» форматындағы рефлексия сессиясымен аяқталды. Іс-шара барысында мұғалімдер семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, өткізілген іс-шараның өзектілігі үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/564-bilim-berudi-tsifrly-vektory-o-u-rdisine-zhasandy-intellekt-engizu-t-zhiribesi.html#sigFreeId9ae8447817





