Білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби стандартында «Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру» 4-еңбек функциясы аясында «Оқу процесін зерттеу» 4-біліктілігі белгіленген.

2025 жылдың 12 мамыры күні «Қарым-қатынас. Түсіну. Шабыт» тақырында облыстық форумы өтті. Биылғы жылы форум «Зерттеу дизайны» тақырыбына арналды.

НЗМ-іне тірек мектептері мен оларға қарасты бекітілген мектептердің жас мұғалімдері жиналды.

Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ педагогтерінің постерлік презентациялары, «Рефлексия өз тәжірибесін зерттеудегі триггер іспеттес» тренингі, «Іс-әрекеттегі зерттеу педагогикалық тәжірибені дамыту үдерісі іспеттес» әлемдік кафесі, «Insight лаборатория» ойынының барлығы жас мұғалімдерді зерттеушілік дағдыларын түсінуге, сабақпен, өз іс-тәжірибесіне деген дайындықтарын зерделеуге септігін тигізді.

Жиын соңында жас педагогтар форум мазмұнының өзектілігін атап өтті.