2025 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Отан қорғаушы күні мерекесі қарсаңында Мендіқара ауданы білім бөлімінің «Архипов жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында орта білім беру ұйымдарының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдеріне арналған «Патриоттарды тәрбиелеу: әскери - патриоттық тәрбиенің өңірлік тәжірибесі» атты облыстық семинар өтті.
Семинардың теориялық бөлімінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері: Ибраев Мейрам Ибраевич (Степанов жалпы білім беретін мектебі), Повстюк Сергей Владимирович (Введен жалпы білім беретін мектебі), Игисенов Ғабит Ермекович (А.Чутаев атындағы Боровской гимназия мектебі), Баишев Марат Нұрахметович (Архипов жалпы білім беретін мектебі) оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие беру тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың практикалық бөлімінде Қостанай қаласындағы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша оқу - әдістемелік орталықтың оқытушысы - Утепбергенов Болат Асқарұлы оқушылармен жұмыс істеудің түрлері мен әдістерін ұсынды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп оқушыларын патриоттық рухта тәрбиелеу контекстінде Әдістемелік орталығы директорының орынбасары Утегенова Г.М. мен әдіскер Дощанова Ж.Д. модельдер әзірлеу бойынша шеберлік сабағын өткізді. Архипов жалпы білім беретін мектебінің әскери - патриоттық үйірмесінің оқушылары қарумен және қарусыз қолдан ұрыс элементтерін көрсетіп, көрсетілім өткізді. Сондай - ақ практикалық бөлімде кедергілер жолағынан өту, садақ ату, пневматикалық мылтықпен ату шаралары ұйымдастырылды.
Семинар тәжірибе алмасу және жастарға әскери - патриоттық тәрбие беру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу алаңына айналды. Қатысушылар іс - шараның маңыздылығын атап өтіп, бұл бағытта алдағы уақытта да ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдірді.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/560-skeri-patriotty-t-rbie-t-zhiribe-almasu.html#sigFreeId195fef35b2





