2025 жылдың 28 - 30 сәуір аралығында Қостанай облысы жобалық офис әдіскерлерінің республикалық қысқа мерзімді тағылымдамасын өткізу үшін база ретінде таңдалды. Іс - шараның мақсаты - әдіскерлер мен жобалық офис жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, үздік тәжірибелермен алмасу, жұмыс әдістемелерінің сәтті үлгілерін тарату және мақсатты мектептермен жұмыста барынша тиімділікке жету үшін бірегей тәсілдерді қалыптастыру. 
Тағылымдамаға Қазақстанның басқа облыстарынан 13 әдіскер қатысты. Осы үш күн ішінде біздің облыстың жобалық офисі әріптестерін мақсатты мектептермен жұмыс барысымен таныстырды. Облысымыздың әдіскер - менторларының жұмыс тәжірибесі мен мектептерді әдістемелік сүйемелдеу шаралары таныстырылды. Республикалық тағылымдама аясында мақсатты және әдістемелік мектептерге бару ұйымдастырылды. 
Облысымыздың сәтті тәжірибелерін тарату және өңірлермен тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, мақсатты мектептермен тиімді жұмыс істеуге арналған алдағы уақыттағы жұмысты одан әрі жақсарту көзделді.
Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Академия бастамасымен өткізілген бұл шара облысымызға әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, мақсатты мектептерді әдістемелік қамтамасыз етуде тың идеяларды тудырды.