Арқалық қаласындағы  А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында ағымдағы жылдың 25 сәуірінде ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Enhancing English Teaching through Neural Networks» облыстық семинар - практикумы өткізілді. Семинар-практикум нейро желілер технологияларын қолдана отырып, ағылшын тілін оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Семинардың ұйымдастырушылық кезеңінде шақырылған педагогтер ұлы ақын-ағартушы А. Құнанбаевқа арналған мектеп мұражайына барды.

Семинар бағдарламасына жасанды интеллект көмегімен ашық сабақтар кірді. Заманауи технологияларды қолданумен қонақтар сабақтары өткізілді: Сүйіндік А.К. «Жыл мезгілдері» 3 сынып, Құрманбаева А.Б. «Amazing facts about space» 10 сынып, Ахметова Г. Б. «Healthy eating habits» 8 сынып,

Практикалық шеберлік сабақтары өзекті тақырыптарды қамтыды: «Тhe possibilities of AI in creating interactive tasks», «Storytelling technique in teaching English phonics with new technology».

Семинар-практикум тәжірибе алмасу және кәсіби диалог үшін тамаша алаңға айналды. Іс-шараға қатысушылар ұйымдастырудың жоғары деңгейін және осы оқиғаның практикалық маңыздылығын атап өтті.