Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Тәрбие теориясы мен әдістемесі орталығының» бастамасымен және Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарының шеңберінде білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен басшылары кірген облыстық шығармашылық топ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асырудың табысты тәжірибесін ұсынды. Бұл жұмыс ағымдағы жылдың сәуір - мамыр айлары аралығында жүргізілетін болады. 
Бағдарламаны іске асыру бойынша бірінші болып үш өңір: Алтынсарин ауданы (Л. В. Колбасина, Р. А. Өмірбаева және Н. А. Мосейко), Амангелді ауданы (М. К. Мұхамбетова, А. К. Клышбаева және К. Т. Кусайнова), Әулиекөл ауданы (Е. В. Тамиева, М. С. Ковальчук және Г. С. Хусаинова)жұмыс көрсетті.
Тәжірибе алмасу білім беру процесі мен тәрбие жұмысын жетілдіру жолындағы маңызды қадам болды, осы бағыттағы ұйымдарды одан әрі дамыту үшін жаңа көкжиектер ашылды. 
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы дәстүрлер мен заманауи сын - тегеуріндерді біріктіре отырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуды жалғастыруда.