«Әдістемелік орталық» КММ жұмыс жоспарына және өндірістік оқыту шеберлерінің ОМО жұмысының шеңберінде Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінің базасында облыстық семинар - workshop өтті. Іс - шараға облыс колледждерінің өндірістік оқыту шеберлері табысты өндірістік оқыту құралдарын талқылау үшін жиналды.
Семинардың басты бағыты-өзара оқыту, тиімді білім беру стратегияларын бағалау және білім алушылармен жұмыс істеу үшін пайдалы ұсыныстар әзірлеу. Workshop форматы тәжірибеге бағытталған жұмыс үшін арнайы таңдалды, онда әр қатысушы өз тәжірибелерімен бөлісе алды, сұрақтар қойып, жаңа құралдарды тәжірибеде сынап көрді.
Семинарға қатысушылар Қостанай құрылыс колледжінің педагогтері Наталья Смолева мен Ольга Тертышниктің «Сабақ формуласы» тренингіне белсенді қатысып, Қостанай қызмет көрсету колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Наталья Фелонюктің «Заманауи интерпретациядағы қазақ ою - өрнегінің символикасы», Анастасия Пестереваның «Постижер өнімдерінің түрлері және оларды шаш үлгісінде қолдану», Чернобель Регинаның ашық сабағы мен шеберлік сыныбына қатысып, өндірістік оқытудың жаңа тәсілдерімен танысты. Теориялық бөлімде Ольга Кожуховская, Қамшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледж оқытушысы және Ниязбек Осипов Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары баяндамалары ұсынылды.
Мұғалімдер оқу процесінде Merge edu білім беру платформасын қолдану тәжірибесімен және өндірістік оқыту сабақтарында кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Семинар нәтижелі өтті, қатысушылар ұсынылған әдістемелердің өзектілігін атап өтіп, оларды өз жұмысында қолдануға дайын екендіктерін білдірді.