2025 жылғы 28 наурызда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Олимпиада Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығы мен «Зерделі» ақыл - ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өтті.
Қостанай облысынан олимпиадаға 8 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Олимпиада нәтижесінде Пестрецова О.Г. (Қостанай қ., №22 ЖББМ), Романова Ю.А. (Сарыкөл), Кобзарь И.Н. (Меңдіқара) І дәрежелі дипломмен, Сельханова Д.В. (Қарабалық) ІІ дәрежелі дипломмен, Павлюк Л.С. (Федоров), Винник О.В. (Рудный қ.) ІІІ дәрежелі дипломмен және Тажахметова А.Н. (Қарасу), Кулманова А.Ж. (Қостанай қ. №16 ЖББМ) мұғалімдері арнайы грамотамен марапатталды. «Зерделі» ақыл - ой дамыту мектебі алты үздік мұғалімге ақшалай сыйақы мен жолдамалар табыс етті. Соның ішінде Пестрецова Олеся Георгиевна 100 000 теңгеден ақшалай сыйақы алды.
Сондай - ақ, олимпиаданың қорытындысы бойынша үздік өңірлік командалар анықталды. Бас жүлдені Қостанай облысының командасы жеңіп алды. Бірінші орынды Астана қаласының командасы, екінші орынды Қарағанды және Алматы облыстарының командалары, ал үшінші орынды Ақтөбе және Павлодар облыстарының командалары иеленді.