28 наурызда Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқытушыларына арналған «Педагогикалық олимп» І аймақтық педагогикалық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың үш кезеңіне Қостанай облысының 23 колледжінен 24 оқытушы қатысты. Олимпиаданың ережесіне сәйкес оқытушылар үш кезең – сырттай және күндізгі бөлім бойынша сайысқа түсті:
тестілеу – педагогика және психология, оқыту әдістемесі және «Біртұтас тәрбие» білім беру бағдарламасы бойынша қатысушылардың теориялық білімдерін бағалау, сондай-ақ әлеуметтік-педагогикалық жобаны қорғау. 
Олимпиада соңында үздік оқытушылар дипломдармен және олимпиадаға қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. 
Барлық әріптестерге өмірде және кәсіби қызметте биік шыңдарға жетуге жаңа табыстар мен жоғары нәтижелер тілейміз!

Олимпиада женімпаздары мен жүлдегерлері

Солодова Светлана Вадимовна, Қостанай жоғары педагогикалық колледжі

1 орын

Синько Олеся Викторовна, Костанайский құрылыс колледжі

1 орын

Оразова Гулхашима Куандыковна, Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі 

2 орын

Азтаева Алма Турегалиевна, Қостанай жоғары медициналық колледжі

2 орын

Дирксен Светлана Валерьевна, Қостанай автомобиль көлігі колледжі

2 орын

Голубева Алеся Александровна, Рудный тау-кен технологиялық колледжі

3 орын

Кречетова Юлия Андреевна, Рудный музыкалық колледжі

3 орын

Оспанова Сабина Балгабаевна, Денисов кәсіптік-техникалық колледжі

3 орын

Довгалева Татьяна Анатольевна, Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжі

3 орын