«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының жол картасын орындау аясында Федоров ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында медиа сауаттылық бойынша құзыреттілік орталығы жұмысын бастады. Іс - шараға Қостанай облысы мектептерінің педагогтары, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚАУ журналистика кафедрасының профессоры О.Г.Кунгуров, Қостанайдан келген БАҚ өкілдері- Жабаев А. Б., «Наш Костанай» газетінің директоры және О.Горай, «Наш Костанай» газетінің бас редакторы қатысты. Мұғалімдер мектептің білім беру ортасына медиа сауаттылықты енгізу тәжірибесін таратты. Қатысушылар оқушылар әзірлеген медиа жобалармен танысты, мектеп теледидары аясында телешоулар құру бойынша шеберлік сыныптарына, панельдік сессияларға қатысты…