Облыстық «Жас мұғалімдерге арналған педагогикалық конструктор» жобасы аясында «Кедергісіз мектеп» қабылдауы аяқталды. Бір ай ішінде педагогтар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жөніндегі тақырыптарды белсенді зерттеді: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жөніндегі нормативтік құқықтық актілер», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған сабақтарда түзету-дамыту жаттығулары», «Нейрожелілерді білім беру процесіне интеграциялау». Спикерлер Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ педагогтары болды.

Жиынды аяқтайтын сабақ Педагогикалық bootcamp форматында өтті, онда инклюзивті орта жағдайында жас педагогтар «Инклюзивті және арнайы білім берудің жалпы мәселелері», «Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында оқу процесін нормативтік-құқықтық сүйемелдеу», «Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында оқу процесін оқу - әдістемелік сүйемелдеу», «Арнайы білім беру», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу», «Тәрбие процесі» модульдері бойынша өте маңызды бағыттың қыр-сырына бой алдырды.