2025 жылдың 13 наурызы күні Рудный қаласындағы №2 гимназияның базасында ағылшын тілі мұғалімдеріне арнап «Инновациялық педагог – заман талабы» тақырыбында облыстық семинары өтті. Гимназия директоры Вячеслав Викторович инновациялық әдістерді білім беру процесіне енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Шетел тілдері мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі А. А. Файзулина мектептегі ағылшын және неміс тілі мұғалімдерінің атқарған жұмыстарын таныстырды. Семинар аясында жаңа тәсілдерді дамытуға бағытталған ағылшын тілін оқытудағы шеберлік сыныптары мен дәстүрлі емес ашық сабақтар өткізілді.
«Storytelling with Infographics» тақырыбында А.А. Бабичтің шеберлік сыныбына қатысушылар инфографиканы оқытуды қолдану әдістерімен танысып, оқу процесін көрнекі әрі қызықты ету мүмкіндіктерін білді.
Қарабалық ауданы білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Н.В. Гунькина «Using interactive games in English lessons»: интерактивті ойындар оқушылардың мотивациясын арттырады» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Интерактивті ойындар оқушылардың мотивациясын арттыруға және сабақтарды динамикалы етуге көмектесетінін көрсетті.
Ағылшын тілінен А.А. Бабич өткізген 3-сыныптағы «Smart English: Learn Play Interact» тақырыбындағы ашық сабақ ойын элементтері мен интерактивті тапсырмаларға толы болып, балалардың белсенді қатысуын қамтамасыз етті.
Семинар мұғалімдердің кәсіби өсуіне және ағылшын тілін оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал ететін тәжірибе мен идеяларды алмасу алаңы болды. Қатысушылар мұндай шаралардың білім сапасын арттыру мен оқушыларды заман талабына сай даярлаудағы маңыздылығын атап өтті.






