2025 жылдың 11 мен 12 ақпаны аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ Фурманов мектебіне әдістемелік десант ұйымдастырылды.
Үшінші әдістемелік десантқа Бейімбет Майлин атындағы мектеп-гимназиясы ұжымы, №31мектептің педагог-шебері Султанова К. С., Мәриям Хәкімжанова атындағы мектептің химия пәні мұғалімі Мнайдарова З. М., әдіскер Бекмаганбетова Г. К. шықты.
Бірінші күні мақсатты мектептің педагогтері 17 ашық сабақ көрсетті. Сабақтан кейін сабақтарды талдау, тапсырмалар құрастыру жолдары және бағалау үшін дескрипторларын анықтау жолдарын қарастырды. Мұғалімдерге сабақтарын жетілдіру жағын да тыс қарастырды.
Осы күннің екінші жартысында Бирманова Қ. И. , Ибраева Н. К. , Бекмуратова С. К. , Султанова К. С. , Бекмаганбетова Г. К. шеберлік сыныптарымен жалғасты. Шеберлік сыныптар барысында педагогтер өздерінің білімдерін толықтырды және бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасады.
Десанттың екінші күні әдебиеттік оқу, 4 сынып (Шылтиева А. А.), әдебиеттік оқу, 2 сынып (Султанова К. С.), физика, 8 сынып (Латенова У. Б.), алгебра, 7 сынып (Бекмуратова С. К.), ағылшын тілі, 8 сынып (Алтынбекова А. Е.), биология, 9 сынып (Жалдыбаева Г. Ш.), Қазақстан тарихы, 11 сынып (Кайдарбекова А. М.), химия, 8 сынып (Минайдарова З. М.), қазақ әдебиеті, 11 сынып (Ибраева Н. К.), орыс тілі мен әдебиеті, 9 сынып (Баранова Н. И.) қонақ сабақтар берілді.
Екі күндік әдістемелік десант барысында Фурманов мектебінің ұстаздары да, қонақ сабақтар берген ұстаздар да өздерінің педагогикалық қоржындарын жаңа біліммен толықтырды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/471-distemelik-desant.html#sigFreeId10558a2afc





