2025 жылдың 11 ақпанында М. Козыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілін оқытудағы өзекті трендтерге арналған семинар өтті. Іс-шара шетел тілдері мұғалімдерін жинап, тәжірибе алмасуға және білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуді талқылауға мүмкіндік берді.

Семинарды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері А. А. Кабдулина ашып, шетел тілдерін оқытудағы заманауи тәсілдерді қолданудың маңыздылығын атап өтті. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттыруға және білім сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Семинар аясында әдістемеге бағытталған практикалық бөлім өтіп, оған шеберлік сыныптары мен ашық сабақтар енді.
Ағылшын тілі мұғалімдері В. И. Мостовая мен Е. А. Ивлева «Tired of Kahoot? Try Blooket Instead!» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді, онда қатысушылар жаңа интерактивті оқу платформалары туралы мағлұмат алды.

Семинар «Karaoke battle» форматындағы шығармашылық рефлексиямен аяқталды.
Бұл семинар мұғалімдер үшін тәжірибе алмасу, оқыту үрдісіндегі жаңа тәсілдерді талқылау және алдағы уақытта ағылшын тілін қарқынды оқыту үшін тамаша шабыт алу мүмкіндігі болды.