Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірлік әдістемелік орталық басшыларымен өткізген кездесуге Қостанай облысы әкімдігі әдістемелік орталығының директоры А. С. Балтабаева қатысты.
Министрдің жүктеген басты нақты тапсырмасы - білім сапасын арттырудабақылауды күшейту, мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысу, әдістемелік қызмет әдіскерлері қызметінің сапасын арттыру. Бұл қадамдар әдіскердің мәртебесін арттыруға және барлық деңгейдегі әдістемелік жұмысты жақсартуға мүмкіндік береді. Білім сапасын арттыру үшін озық әдістемелерді енгізу маңызды.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрі әдістемелік орталықтардың жұмысын түрлендіру ісіне де тоқталды. Оқу-әдістемелік жұмысты жаңғырту мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмысын қолдауды күшейтуге септігін тигізеді. Алтынсарин атындағы ҰБА әдістемелік қызметті дамыту бойынша іс-шараларды мақсатты түрде жүргізуде.
Әрбір өңірдегі және еліміздегі білім сапасы әдістемелік жұмыс жүйесінің сапасына байланысты.






